Государственное коммунальное казенное предприятие ясли-сад "Нұрлы-Шақ" государственного учреждения " Отдел образования по Алакольскому району Управления образования области Жетісу "
«Нұрлы-Шақ» бөбекжай-балабақшасы 2018 жылдың сәуір айында ашылды. Алғашқы меңгерушісі болып Рамазанова Алия Жадыгеровна тағайындалып, 2020 жылы бұл қызметтен босатылды. 2020 жылы мекеме басшылығының міндетін атқарушысы болып Исабаева Лазат Сеитхановна тағайындалды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Нұрлы-Шақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2021 жылдың 31 тамызында балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын (МКҚК) мәртебесін алды. Материалдық-техникалық база «Нұрлы-Шақ» бөбекжай-балабақшасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балаларға қолайлы, таза әрі қауіпсіз орта жасалған. Балабақшада: 4 тобы жұмыс істейді; Әр топта 20 балаға арналған.Топтар жас ерекшеліктеріне бейімделген жиһаз, ойыншықтар мен оқу құралдары бар; Заманауи ойын және демалыс алаңдары қарастырылған; Балаларға арналған жеке жатын бөлмелер, асхана, медициналық бөлме, музыка және дене шынықтыру залы бар; Интерактивті тақта, теледидар, мультимедиялық құрылғылар арқылы оқыту әдістері қолданылуда. Сондай-ақ балабақшада өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жылыту және желдету жүйелері толық қамтылған.